Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция қызметкерлері омниканалды жүйе арқылы 3200-ден астам өтініш қабылдады

Астанада полиция қызметкерлері жыл басынан бастап омниканалды жүйе арқылы 3200-ден астам өтініш қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында омниканалды жүйені енгізіп, бұл бастама қазіргі уақытта халықпен байланысудың сәтті үлгісіне айналды.

Жыл басынан бері аталмыш жүйе арқылы 3200-ден астам өтініш қабылданды. Оның ішінде 30-дан астам бейнеқоңырау, 3200-ге жуық SMS хабарлама тіркелген. Бұл жүйе полиция қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін жедел әрі тиімді өңдеуге мүмкіндік береді.

Мысалы жүйе арқылы келіп түскен өтініштердің бірі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына қатысты болды. Қала тұрғыны омниканалды байланыс арқылы хабарласып, Hyundai маркалы автокөліктің рұқсат етілмеген жерге қойылғанын мәлімдеді. Ақпарат тез арада тексеріліп, полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 48 жастағы жүргізушіні анықтап, оған ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

- Омниканалды жүйе – бұл халықпен жедел әрі тиімді байланыс орнатудың заманауи тәсілі. Астана қаласы полиция департаменті бұл бастаманы одан әрі дамытып, тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету жұмысын жалғастыра бермек, – деп атап өтті департамент өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру