Астанада полиция қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізді
Астанада полиция қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Жасөспірім” жедел-пролфилактикалық іс-шарасы аясында 60 мектеп-лицейінде ювеналдық полиция инспекторлары Айсұлу Иманова мен Серік Мамаев оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Дәрістің басты тақырыптары – буллингтің алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және киберқауіпсіздік болды.
Кездесуге 7–10 сынып оқушылары қатысты. Полиция капитаны Айсұлу Иманова жасөспірімдер арасында жиі кездесетін буллинг (қорлау, мазақ ету)жағдайлары туралы айтып, мұндай келеңсіз жағдайлардан қалай сақтану керек екенін түсіндірді.
Сонымен қатар буллингтің зардаптары, оның заңдық салдары және құрбандарды қолдау жолдары кеңінен қозғалды.
Жол қауіпсіздігі тақырыбында инспекторлар жолда жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргінші мен велосипед жүргізуші ретінде қауіпсіздік шараларын ұстану маңыздылығын атап өтті. Әсіресе мектеп маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Сонымен бірге балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік желідегі қауіптер және интернеттегі этикалық нормалар туралы да мағлұмат берілді.
Мұндай іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіз ортасында өсуіне септігін тигізеді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.