Астанада полиция қызметкерлері үшін гарнизондық жиын өтті
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның №5573 әскери бөлімінде Астана қаласы полиция департаментінің кешенді күштерінің жалпы гарнизондық сапқа тұрғызу жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қатысты.
Бұл сапқа тұрғызу рәсімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кешенді шаралар аясында ұйымдастырылды. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жедел әрекет етуге және қоғамдық орындарда полицияның бақылауын күшейтуге ерекше назар аударылды.
- 2025 жылды ҚР Ішкі істер министрі "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіптің күзетінде" деп жариялады. Қызмет атқару барысында әрбір құқық бұзушылыққа уақытылы әрекет жасалсын, заңдылық пен қауіпсіздік шаралары сақталсын. Астана қаласы азаматтар мен елорда қонақтары үшін қауіпсіз болуы тиіс, – деп атап өтті Марат Төлебаев.
Сонымен қатар "Заңсыз келуші", "Мал ұрлығы", "Дәрмек", "Stop-трафик" сияқты жедел алдын алу іс-шараларына ерекше көңіл бөлінді. Бұдан бөлек, мопедтерді пайдалану ережелерінің өзгеруіне байланысты азаматтарға көлік құралдарын алдын ала тіркеу және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін жүргізуші куәлігін алу қажеттігі ескертілді.