Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция субұрқақ саптамаларын қолды қылған күдіктіні анықтады

Астанада полиция субұрқақ саптамаларын қолды қылған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта елорда саябақтарының бірінде белгісіз ер адам субұрқақтың үш дана саптамасын ұрлап әкеткен, осылайша 1 млн теңгеден астам көлемде материалдық шығын келтірген.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері мойындау көрсетпелерін берген 25 жастағы ер адамды анықтады. Ол субұрқақ саптамаларын металл қабылдау пунктіне өткізгенін мойындады. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру