Астанада полиция телефон ұрлығын ашты
Астанада полиция телефон ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласының Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті жәбірленушімен қаладағы қонақ үйлердің бірінде танысып, бірге ішімдік ішкен. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші ұйықтап қалған. Сол сәтті пайдаланған ер адам оның шалбарының қалтасынан Samsung маркалы ұялы телефонын жасырын алып кеткен.
Жәбірленуші полицияға шағымданып, келтірілген залалдың көлемі 680 мың теңгені құрағанын хабарлады. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түсті. Ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған телефонды иесіне қайтарып берді.
Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция тұрғындарды бейтаныс адамдармен абай болуға және жеке заттарына мұқият қарауға шақырады.