Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция тұрақта тұрған көліктен дөңгелектер ұрлаған күдіктіні ұстады

Астанада полиция тұрақта тұрған көліктен дөңгелектер ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік иесінің айтуынша, көлік жол бойында тұрған. Жүксалғыштың есігі ашық қалған. Осы уақытта күдікті көлік иесінің жоқтығын пайдаланып, жүксалғыштан жалпы құны 240 мың теңге болатын 4 дана дөңгелекті жымқырған. 

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтады. Ол ұрланған мүлікті сатып жіберіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарып берді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру