Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция жер мәселесіне қатысты алаяқтық деректерін әшкереледі

Астанада полиция жер мәселесіне қатысты алаяқтық деректерін әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.     

Астана қаласында полиция қызметкерлері шағын бизнес жүргізу үшін әкімдік арқылы жер телімдерін алып беруге көмектесемін деген желеумен бірқатар алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті азаматтарды таныстары арқылы жер рәсімдеу процесін жеделдетіп бере алатынына сендіріп, алдап келген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін ер адам байланысқа шықпай кеткен.

Жәбірленушілердің біреуі оның көршісі. Көршісінің сеніміне кіре отырып, күдікті оған да көмектесетінін уәде еткен. Қазіргі уақытта алаяқтықтың үш дерегі тіркелді. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады. Күдікті басқа өңірде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарға жер телімдерін рәсімдеу, сондай-ақ кез келген мемлекеттік қызметтер тек заңда белгіленген тәртіппен көрсетілетінін ескертеді. Ақшалай сыйақы үшін көмек ұсынып, мемлекеттік органдардағы жалған немесе ойдан шығарылған байланыстарға сілтеме жасайтын тұлғаларға сенбеу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру