Астанада полиция жүк көлігінен ұрлық жасаған күдіктіні әшкереледі
Астанада полиция жүк көлігінен ұрлық жасаған күдіктіні әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұра аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КамАЗ автокөлігінен ұрлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген 32 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Түнде ол жүк көлігіне кіріп, кілттер жинағы мен домкратты иемденіп, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Күдікті ұрланған заттарды бірден сатып үлгерген.
Аталған факті бойынша ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.