Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада пранк жасаған блогерлер қамауға алынды

Астанада пранк жасаған блогерлер қамауға алынды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге “хайп” үшін көпқабатты тұрғын үйдің лифтіне жалған мәйітті қойған сәті түсірілген бейнероликті анықтады.

Сол сияқты екінші видеода бір адам лифтіге жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстағаған. Олардың әрекеттері лифтіге кірген азаматтарды қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған.

Мұндай “әзілдер” – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.
Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау тағайындалды.

Полиция “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында кез келген құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылатынын еске салады. Азаматтарды, әсіресе контент жасаушыларды, шектен шықпауға және танымал болуға ұмтылу ешқашан айналадағы адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі керектігін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру