Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қала мүлкін қасақана бүлдірген азаматтар жауапқа тартылды

Астанада қала мүлкін қасақана бүлдірген азаматтар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«102» арнасына Бөгенбай батыр даңғылындағы Колос аялдамасының әйнегін белгісіз біреу сындырып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Түскен ақпарат бойынша мән-жайды анықтауға жұмылған жергілікті полиция инспекторлары 29 жастағы елорда тұрғынын аталған бұзақылыққа күдікті деп құрықтады.

Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Сондай-ақ Сауран көшесінде белгісіз біреу үй маңына тұрмыстық қоқыстарды шашып кеткені туралы да ақпарат түскен.

Бұл оқиғаға қатысты 34 жастағы азаматтың кім екені анықталып, медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ол масаң күйде болғаны анықталған.

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 3-бөлімі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және 434 бабының 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру