Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды

Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Nissan Qashqai автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісін ұстады.

Жүргізуші күндіз Республика даңғылымен Молдағұлова көшесіне қарай жүріп келе жатып, қос тұтас көлденең сызықты кесіп өтіп, қарсы қозғалысқа шығып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған.

Жүргізуші өзінің маневрлерімен жолда төтенше жағдай туғызып, сол арқылы адамдардың өміріне қауіп төндірген. Әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігінің жиегімен жүріп өткені үшін алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, елордада 9-12 шілде аралығында жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Бір күнде ЖПІШ кезінде 700-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзудың фактілері анықталған.

Автоматты бектіту құрылғысы арқылы тіркеген 200-ден астам жүргізушіге белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынса, 90-ға жуық жүргізуші жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдіктерін тағу ережелерін сақтамағаны анықталған. Сонымен қатар 6 жүргізуші қарсы қозғалысқа шығып, 12 жүргізуші тыйым салатын бағдаршамнан өтіп кеткен. Операция барысында 80 көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция департаменті көлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды, көлікті жүргізуші куәлігінсіз және алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүргізбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру