Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Астанада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиі анықталатын заңбұзушылықтардың қатарында көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізбеу, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, ақаулы фаралармен жүру және өзге де құқық бұзушылықтар бар.

Полицейлердің айтуынша, іс-шара барысында ең алдымен өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, соңғы екі күннің ішінде шамамен он жүргізуші қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барынша сақ болуға, ережелерді қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздіктің әрбір азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін ұмытпауға шақырады. Жедел-алдын алу іс-шарасы аясындағы рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру