Астанада ҚАЖ қызметкерлері ІІО ардагерімен кездесу өткізді
Астанада ҚАЖ қызметкерлері ІІО ардагерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №3 мекемеде ҚАЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамалов Жаңаөмір Кенжебайұлы мекеменің жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Жаңаөмір Кенжебайұлы өз қызметтік жолдағы мол тәжірибелерімен бөлісіп, қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтік дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылықты, қызметтік тәртіпті және кәсіби әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында патриоттық тәрбие, моральдық-адамгершілік құндылықтарды нығайту және қызметке жауапкершілікпен қарау мәселелері қозғалды.

Кездесу іскерлік әрі мазмұнды жағдайда өтті. Жеке құрам тарапынан белсенділік пен қызығушылық байқалды. Мұндай кездесулер қызметкерлердің рухын көтеріп, қылмыстық-атқару жүйесінің озық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға ықпал етеді.
