Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ҚАЖ қызметкерлері колония маңайында жасырылған телефондарды әшкереледі

Астанада ҚАЖ қызметкерлері колония маңайында жасырылған телефондарды әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылғы 20 қараша күні сағат 17:00 шамасында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде еңбекпен қамтылған азамат мекеме қызметкерлеріне жедел түрде жүгініп, мекеме аумағына жақын маңда күдік тудыратын ораманы байқағанын хабарлаған.

Аталған мәлімет бойынша дереу мекеменің жедел бөлім қызметкерлері кинолог және қызметтік итпен бірге көрсетілген аумақты тексеруге шықты. Жақын маңды тексеру барысында қара түсті орама табылып, оның ішінен түрлі маркалы 8 ұялы телефон анықталды.

Деректерге сүйенсек, бірнеше OPPO телефоны, Redmi, Samsung Galaxy A50 және Көгілдір түсті VIVO телефоны жасырылған. Телефондардың барлығы жұмыс істейтін күйде болған.

Барлық заттар тәртіпке сәйкес тәркіленіп, тиісті органдарға тапсырылды. Тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру