Астанада ҚАЖД қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты
Астанада ҚАЖД қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
23 наурыз — Тазару күні. Наурызнама аясында елордалық ҚАЖД қызметкерлері экологиялық сананы қалыптастыруға және табиғатты аялауға шақыруға бағытталған шара ұйымдастырды.
Астана қаласы ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінің қызметкерлері жалпыұлттық сенбілікке белсене қатысып, мекеме маңын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
— Бұл тек бір реттік шара емес, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастама. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар әр адамның азаматтық жауапкершілігін нығайтып, қоғамдағы белсенділігін арттырады. Қызметкерлер сенбілікке бірлесе қатысу арқылы ұжымдық мәдениетті дамытып, ауызбіршілікті нығайтады. Осындай бастамалар халықтың ұйымшылдығын арттырып, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауға үйретеді, — деп атап өтті мекеме бастығы Ардақ Иманғалиев.