Астанада қоғамдық орында кальян шеккен азаматтар жауапқа тартылды
Астанада қоғамдық орында кальян шеккен азаматтар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы жылдары Қазақстанда, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында кальян шегу кеңінен таралуда. Көпшілік кальянды зиянсыз, тіпті жеңіл хош иісті демалу құралы деп қабылдайды. Алайда бұл – өте қауіпті жаңсақ пікір.
Жыл басынан бері темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян темекісін, кальян қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін тұтынуға тыйым салу туралы 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.
Кальян түтінін сүзгіден өткізу оның зиянды әсерін азайтпайды. Су түтіндегі улы заттар (никотин, ауыр металдар, көміртек тотығы, канцерогендер) өкпе арқылы ағзаға еніп, түрлі ауруларға себеп болады.
Сарыарқа және Байқоңыр ауданы полиция басқармаларының қызметкерлері күнделікті кешкі және түнгі уақыттарда рейдтер жүргізіп, кальян ұсынатын және пайдаланатын мекемелерді анықтау жұмыстарын күнделікті жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша 4 107 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті жастар арасында түрлі акциялар, тренингтер ұйымдастырылып, кальянға тыйым салынған орындарда рейдтік шараларды күшейтуде. Сондай-ақ жастарға салауатты өмір салтының маңызын дәріптеу, спорттық және шығармашылық үйірмелерге тарту.