Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері қала тұрғынына жоғалған телефонын қайтарып берді.
Оқиға 10 қазан күні сағат 19:55 шамасында Алматы ауданы бойынша патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында болған. Күнделікті қала тыныштығын күзетуге шыққан сарбаздардың бірі жол жиегінде жатқан iPhone 15 телефонын байқаған.
Жасақ бастығы қатардағы Аслан Абзалұлы мен патрульшілер қатардағы Максим Поправка және Қуаныш Асубеков бұл туралы патрульдік топ бастығына баяндады. Іле-шала Алматы ауданы бойынша басқа да бағыттағы әскери жасақтарға рация арқылы хабарлап, іздеу шараларын ұйымдастырды.
Ұландықтардың бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесінде смартфон иесі анықталды.
Смартфонның бөгде адамдардың қолында кетпей,табылғанына қуанған тұрғын өз қуанышын бөлісті.
– Ұлттық ұлан сарбаздарының ерлігі мен қырағылы туралы интернеттен жиі оқимын. Міне, бүгін өзіме көмегі тиді. Қазіргі уақытта телефонсыз бір сағат жүрудің өзі қиын, бүкіл шаруамыз соған байланысты. ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлеріне көп рақмет, – деді телефон иесі.