Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери кеңесі өтті
Құқықтық тәртіп әскерін басқару орталығында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен әскери кеңес өтті. Оған Әскери кеңес мүшелері, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, Ұлттық ұлан академиясының бастығы, бас басқармалар мен басқармалардың, орталықтардың, дербес бөлімдер мен қызметтердің басшылары, сондай-ақ полиция департаменттерінің бастықтары қатысты. Кеңеске бейнеконференция режимінде өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің басшылық құрамының офицерлері қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әскери кеңес отырысының күн тәртібінде 2024 жылдың 9 айындағы Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің жай-күйі мее алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.
Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов осы жылдың 9 айындағы әскердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің жай-күйі және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндама жасады.
Содан кейін өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының және ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясы бастығының әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі, әскери білім ордасындағы жауынгерлік қызметті ұйымдастыру туралы есептері мен мәселелері тыңдалды.
Бұдан әрі кадрлар және әскери білім басқармасының бастығы Нұрбол Міртаев сарбаздық және сержанттық құрамдар лауазымдарында келісімшарт қызметінің әскери қызметшілерін жасақтау жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы баяндамасында келісімшарт бойынша әскери қызметшілер санатын жасақтау мәселелерін қозғады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери кеңесі әскердің осы жылғы 9 айдағы қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделей келе, әскердің жедел-қызметтік дайындығына тиісті деңгейде екенін атап өтті.
Айта кету керек, 2024 жылдың өткен кезеңінде Ұлттық ұланның әскери бөлімдері облыстар мен қалалардың полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жауынгерлік қызметтің міндеттерді толық көлемде орындады.
Іс-шара соңында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков күштер мен құралдардың дайындығын тұрақты қамтамасыз етуге, өңірлердегі және қорғалатын объектілердегі қоғамдық-саяси жағдайды қадағалауға, жеке құрам арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау шараларын қабылдауға, сондай-ақ жеке-тәрбиелік ұйымдарды қатаң бақылауға алуға назар аударды.
Айта кету керек, Ұлттық ұлан бөлімшелері биыл өзара іс-қимыл жасайтын органдармен бірлесіп ШЫҰ Саммиті мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті күшейтуге, іздестіру іс-шараларына, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде су тасқынына қарсы және іздестіру-құтқару іс-шараларына қатысты.
3 мыңнан астам әскери қызметші, 160-тан астам автомобиль және арнайы техника, 7 авиация бірлігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын жоюға тартылды. 4 мыңнан астам адам, 600 тонна жүк және 130 тонна гуманитарлық көмек тасымалданды, 5 мыңнан астам азамат эвакуацияланды және жеке құрам мен техниканы аралас тәсілмен тасымалдау жүзеге асырылды.
Аумақтық полиция және Ұлттық қауіпсіздік органдарының күштік қолдауымен, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, оның ішінде ІІМ және ҰҚК Орталық аппараттарымен бірлесіп 13 ауқымды арнайы операция жүргізілді.
Әскери кеңес отырысының қорытындысы бойынша басшылық ету және орындау үшін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдерге жіберілетін Қаулы қабылданды.