Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада құқық бұзушыға сотпен ерекше талап қойылды

Астанада құқық бұзушыға сотпен ерекше талап қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Нөлдік төзімділік" қағидатын жүзеге асыруда Сарыарқа аудандық учаскелік полиция инспекторларымен қоғамдық орында мас күйде жүрген 38 жастағы азамат ұсталды.

Бұған дейін де ол осындай құқық бұзушылық жасаған. Осыған байланысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Сот шешімімен құқық бұзушы 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, оған 6 ай мерзімге ерекше талап белгіленді.

Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік танытуға және қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп мәдениетіне үлес қосуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру