Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада құқық қорғаушыларға арналған оқу-лекция өтті

Астанада құқық қорғаушыларға арналған оқу-лекция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы мен ҚР мемлекеттік күзет қызметінің бірлесуімен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен қауіпсіздік саласының мамандарына арналған оқу-лекция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тексеру барысындағы маңызды аспектілерді жан-жақты түсіндіру және тыйым салынған заттарды анықтаған кездегі іс-әрекет тәртібін нақтылау.

Лекция барысында тексеру ұғымының мазмұны, оны жүргізудің нормативтік-құқықтық негіздері, жеке тұлғаларды, қол жүктері мен көлік құралдарын тексеру тәртібі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар құқық қорғау және күзет қызметкерлерінің өкілеттіктері мен олардың шектеулері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Заңмен тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізімі – атыс және суық қару, есірткі заттары, жарылғыш құралдар мен өзге де қауіпті заттар туралы ақпарат берілді. Мұндай заттар табылған жағдайда оқиғаны тіркеу, хаттама толтыру және уәкілетті органдарға жедел хабарлау тәртібі егжей-тегжейлі баяндалды.

Іс-шара практикалық сипатта өтті. Қатысушыларға нақты жағдайлар үлгісінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар құқықтық-нормативтік құжаттар топтамасын ұсынып, қызмет барысында басшылыққа алынатын нұсқаулықтармен таныстырды.

Аталған оқу-лекция – Астана қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кәсіби дайындықты жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмыстың бір тармағы болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру