Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтер өтті

Астана қаласының Байқоңыр ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кешенді рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шаралар тұрғын үй секторын, жалдамалы пәтерлерді, хостелдерді, құрылыс алаңдарын, сауда үйлерін және құқық бұзушылықтар орын алуы ықтимал өзге де нысандарды қамтыды. Полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының сақталуын, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеріп, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен мекенжайлық жұмыстар жүргізді.

Іздестірудегі адамдарды анықтау, заңсыз еңбек қызметі фактілерін әшкерелеу және шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заң бұзушылықтардың жолын кесу мәселесіне ерекше назар аударылды. Кешкі уақытта ойын-сауық орындарында алкоголь өнімдерін және өзге де тыйым салынған тауарларды өткізу қағидаларының сақталуы да бақылауға алынды.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде 130-ға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда:

  • 39 дерек – шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтамауы;

  • 21 факт – абаттандыру қағидаларын бұзу;

  • тыныштықты бұзу;

  • қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу;

  • алкоголь өнімдерін заңсыз сату;

  • белгіленбеген орындарда кальян пайдалану;

  • кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз болуы;

  • жол қозғалысы ережелерін бұзу және өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Рейдтік іс-шараларға полицияның түрлі қызметтерімен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілері және Lider.kz еріктілері жұмылдырылды.

Полиция департаменті азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырып, құқықтық тәртіпті сақтау – қоғам мен мемлекеттің ортақ міндеті екенін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру