Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қылмыс деңгейі төмендеді

Астанада полиция бірінші тоқсанның қорытындысын шығарды. Қалада қылмыс деңгейі төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қалалық полиция департаментінде 2025 жылдың бірінші тоқсанының жұмысы қорытындыланды. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың төрағалығымен өткен жедел кеңесте департамент басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Жиын барысында елордада жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ Профилактика жылы аясындағы негізгі қорытындылар ұсынылды. Жыл басынан бастап қалада қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қабылданған шаралардың арқасында ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны едәуір қысқарды. Басым бағыттардың бірі - "полиция қадамдық қол жетімділікте" қағидатын іске асыру болып қала береді. Өткен жылы елордада 5 жаңа учаскелік полиция пункті мен 3 модульдік бекет ашылды.

Осы жылдың басынан бастап тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету және полицияның халыққа қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы 2 учаскелік пункт іске қосылды. Жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға, соның ішінде оқушылар арасындағы бопсалау мен буллингті жоюға бағытталды.

Сондай-ақ кеңес барысында интернет-алаяқтықпен және есірткі қылмыстарымен күрес шаралары талқыланды. Жолдардағы жағдай, көші-қон заңнамасының сақталуы және осы бағыттарда профилактикалық жұмысты күшейту қажеттілігіне де ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты жандандыру, "Заң мен Тәртіп" қағидатын қатаң сақтау, сондай-ақ полиция қатарында қызметтік тәртіп пен заңдылықты бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру