Астанада қызметтік ит жоғалған балаларды іздеп тапты
Астанада қызметтік ит жоғалған балаларды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кіші инспектор кинолог полиция қатардағы Бекнур Шахтай мен Граф есімді ит екеуі бірге 9 жасар бала мен оның 5 жасар қарындасын іздеп тапқан.
Күндізгі уақытта “102” арнасына жоғалған балалар туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалған астаналық әке балаларының өздері ойнап жүрген үйдің ауласынан жоғалып кеткенін хабарлаған. Ата-анасы іздеуді өз бетінше ұйымдастыруға тырысқан, көрші балалардан сұрастырып, ағасы мен қарындасын соңғы рет дүкеннің жанында көргенін білген. Қызметтік ит сол дүкеннің жанынан балалардың ізін алып, кинологті қозғалыс көп жолға алып келген. Балалар жаяу жүргіншілер өткелінен табылды.
Балалардың анасы полицейлерге көрсеткен көмегі мен жедел іздеу жұмысын жүргізгендері үшін алғыс айтты.
7 жастағы овчарка – Граф өмірінің көп бөлігін елордалық полицияда кинологиялық қызметте өткізген. Ит іздеу жұмыстарына жақсы дайындалған және иістің ізі арқылы адамды іздеп табуға үйретілген. 6 жыл бойы ит кинологтерге іздер мен адамдарды табуға көмектесіп, лайықты қызмет атқаруда.