Астанада сауда орталықтарының бірінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Астанада сауда орталықтарының бірінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығы бутиктерінің бірінде сатып алушының ақшасын ұрлады деген күдікпен 60 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Оқиға, жәбірленуші жаңа киім таңдап жүріп, жеке заттары салынған сөмкесін сөреде қалдырып кеткен кезде болған. Осы сәтті пайдаланған әйел, киім таңдағандай кейіп танытып, сөмкеге жақындап, оны ешкім бақыламай тұрғанына көз жеткізген соң 150 мың теңге көлемінде қолма-қол ақшасы бар әмиянды жасырын ұрлап әкеткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта әйелге қатысты елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізілуде.