Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада сауда үйінен спорттық киімдер ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада сауда үйінен спорттық киімдер ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұра ауданы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.

Полицейлерге сауда орталығының қызметкері белгісіз біреудің дүкеннен екі спорттық күрте ұрлап, жалпы құны 100 мың теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған.

Тергеу барысында күдіктінің сауда алаңына кіріп, клиент атын жамылып, тауарды таңдай бастағаны анықталды. Киім ауыстыру бөлмесіне барып, киімнен магнитті алған қаскүнем күртесінің астынан киіп дүкеннен шығып кеткен.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі.

Астана қаласы полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне сақ болуды және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Үй-жайларды бейнебақылау камераларымен жабдықтаңыз және дүкендерде ұрлыққа қарсы сенімді жүйелерді енгізіңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру