Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада сейфтен құны 1 млн теңге болатын алтын бұйымдарды жымқырған күдікті құрықталды

Астанада сейфтен құны 1 млн теңге болатын алтын бұйымдарды жымқырған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 44 жастағы жігітті анықтады. Ол Қосшығұлұлы көшесінің бойында орналасқан үйлердің біріне кіріп, темір сейфтің есігін майыстырып ашып, ішінен изумруд таспен көмкерілген алтын сырға, алтын алқа сияқты жалпы көлемі 1 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарды қолды қылған. Ол ұрланған заттарды үй иесінің спорттық сөмкесіне салып алып кеткен. Қолға түскен жігіттің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Елордалық полиция қызметкерлері тұрақты түрде пәтер ұрлығының жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараны өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру