Астанада шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары арасында спартакиада өтті
ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары үшін арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі жазғы спартакиада өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара бағдарламасы төмендегідей кезеңдерден тұрды: ұзындыққа секіру, гір тасын көтеру. Спорт денсаулық кепілі, сондықтан шаруашылық дайындығы мен психологиялық дайындығы үнемі назарда болады. Ал осындай жарыстарды өткізу оларды түзу жолға жетелейді.
– Спорттық іс-шараларды өткізу жігіттердің денсаулығын нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, оларды одан әрі дене шынықтырумен айналысуға ынталандырады. Ең бастысы, командамен жұмыс істеуге дағдыланады, – деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Қанат Рахимов.
– Психолог ретінде, өткізілген эстафета жасақ ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалға үлкен әсер еткенін атап өтемін. Жарыста ойыншылар іштегі негативті шығарып, адреналин алды, – дейді арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің инспектор-психологы Ақмарал Макашева.