Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештері кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Астанада соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештері кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештері қарсаңында елордаполициясы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейтуде.

Мектептер маңында және адамдар көп жиналатын орындардаполиция нарядтары кезекшілік етеді. Әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкерлері бекітілген. Мерекелік күндері күшейтілген кезекшілік ұйымдастырылады.

Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарында оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен профилактикалық әңгімелер жүргізілуде. Негізгі мақсат — құқық бұзушылықтардың алдын алу және мерекенің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету.

Соңғы қоңырау — әрбір оқушы үшін ерекше күн. Астана қалалық полиция департаменті осы кезеңде ата-аналар мен ұстаздарды кәмелетке толмағандарды тиісті бақылауда ұстауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру