Астанада "SOS" түймесі арқылы түскен хабарламалардың бірі жедел шешімін тапты
Астанада "SOS" түймесі арқылы түскен хабарламалардың бірі жедел шешімін тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада жыл басынан бері "SOS" түймесі арқылы 37 өтініш тіркелген. Сол хабарламалардың бірі — қала тұрғынының маршруттық автобуста ұялы телефонын жоғалтып алғаны туралы өтініш. Азамат шұғыл жағдайда мобильді қосымшадағы "SOS" батырмасы арқылы полициядан көмек сұраған.
Хабарлама Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жолданып, учаскелік инспекторлар дереу іске кірісті. Оперативтік іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған телефон табылып, иесіне қайтарылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоғамдық көлікте жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Сонымен қатар қажет жағдайда "SOS" түймесі арқылы тез арада көмек алуға болатынын еске салады.
