Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада супермаркеттен бірнеше виски ұрлаған күдіктілер құрықталды

Астанада масаң күйде болған екі жігіт супермаркеттен құны 100 мың теңгеден асатын бірнеше виски ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті жігіттер дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, ашық тұрған сөреден 8 бөтелке алкогольдік ішімдікті пакетке салып, еш кедергісіз шығып кеткен. Қаскүнемдердің барлық әрекеті бейнебақылау камераларына түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері күдікті екі жігітті анықтады. Олар жасаған іс-әрекеттерін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда олардың елорда аумағында тіркелген басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қалалық полиция департаменті сауда орындарында мұқият болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды, күзет жүйесін күшейтуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру