Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада супермаркеттен қомақты сомаға тауар ұрлаған касса қызметкері ұсталды

Астанада супермаркеттен қомақты сомаға тауар ұрлаған касса қызметкері құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай дүкен әкімшісі тауардың жетіспейтіндігін біліп, бірден полицияға хабарлаған.

Тергеу барысында полицейлер әйелдің жарты жылдай уақыт елордалық ірі супермаркеттердің бірінде касса қызметкері болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол оңтайлы сәтті пайдаланып, өзінің жақын туыстарына кассадан тауарлардың көбісін тегін өткізген. Осылайша қаскүнем үш ай бойы дүкеннен жалпы сомасы 4 миллион 370 мың теңге көлемінде тұратын тауарды иемденіп үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру