Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада танысының көлігін заңсыз айдап кеткен азамат жол апатын жасады

Астанада танысының Chevrolet Cobalt автокөлігін заңсыз айдап кеткен азамат жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ППП қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта Өзен көшесіндегі үйдің ауласында курстасы мен оның жанындағы жәбірленушіні кезіктірген. Әңгіме барысында мас күйде болған қаскүнем көлік иесінің қолынан кілтті тартып алып, аталған көлікті айдап кеткен.

Алайда ол алысқа ұзап үлгермей, көрші көшедегі үйдің қоршауына соғылған. Келтірілген материалдық шығын 2 млн теңгеге жуық.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру