Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада техника дүкенінің әйнегін сындырып, ұрлық жасаған азамат қолға түсті

Астанада техника дүкенінің әйнегін сындырып, ұрлық жасаған азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның “102” арнасына белгісіз біреу түнгі уақытта техника дүкенінің әйнегін сындырып ұрлық жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын “ізін суытпай” анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам сағат 05:00 шамасында Сарыарқа ауданында орналасқан техника дүкенінің жанынан өтіп бара жатып, күзетшінің жоқтығын байқаған.

Күдікті техника дүкенінің есігінің әйнегін таспен сындырып, темір торды тістеуікпен бұзып, ішке кірген. Ол өзімен бірге екі Samsung телефонын алып кетіп, 380 мың теңге материалдық шығын келтірген. Полиция қызметкерлері ұрыны гаджеттерді сатпақ болған жерінен құрықтады.

Сондай-ақ полицейлер ер адамның осыған ұқсас тәсілмен жасалған ұрлықтың тағы бір фактісіне қатысы барын анықтады. Мәселен таңғы 05:30 шамасында Байқоңыр ауданындағы киім дүкенінің шыны есігін сындыру арқылы күдікті ішке кіріп, касса аппаратын алып қашқан. Келтірілген материалдық шығын 69 мың теңге.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, елордалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру