Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада техника сататын интернет-дүкеннің курьері қоймадан үш телефон ұрлаған

Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция  қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше телефон ұрлады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында жігіттің техника сататын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Дүкеннің Қорғалжын тас жолында орналасқан қоймасынан жеткізу үшін кезекті тауарларды алуға келген қаскүнем қылмыстық оймен жалпы сомасы 1,5 млн теңге тұратын Iphonе 13, Iphonе 15 Pro үш телефонын алып кеткен. Осылайша ұрланған гаджеттерді мереке қарсаңында туғандарына сыйлаған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болып, өз нысандарында ұрлықтан қорғау бойынша қосымша шаралар кешенін жүзеге асыруды назарға алуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру