Астанада түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 6 мыңға жуық дерегі тіркелді
Биыл Астанада түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 6 мыңға жуық дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық сақшылар жыл басынан бері түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 6 мыңға жуық дерегін анықтады. Бұл фактілер азаматтардың тыныштығын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан белсенді жұмыс барысында анықталды.
Қала тұрғындары, әсіресе демалыс күндері, пәтерлерде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына шағымданады. Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындардың арыздарын ескере отырып, жағдайды бақылауға алып, тиісті шараларды қабылдауда.
Жуырда сақшылар пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген пәтер иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Тыныштықты бұзған тұрғынға заң шеңберінде тиісті жазалау шаралары қолданылды.