Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрғын үйден электрлі самокат ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада тұрғын үйден электрлі самокат ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері элиталы тұрғын үйдің автотұрағынан электрлі самокат ұрлаған адамды анықтады.  

Күдікті 42 жастағы азамат, сол тұрғын үйде бұрын электр жөндеуші болып жұмыс істеген, жұмыстан шыққаннан кейін бұрынғы жұмыс орнына келіп, тұрақта тұрған самокатты алып “ізін суытқан”. Осылайша, самокат иесіне 360 мың теңгедей материалдық шығын әкелді. 

Күдікті ұрланған затты иесіне қайтарып берді.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында күдіктінің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру