Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрғынның ауласынан скутерін қолды қылған күдіктілер қолға түсті

Астанада тұрғынның ауласынан скутерін қолды қылған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға жүгініп, үйінің ауласынан белгісіз адамдар скутерін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Түннің бір уағында күдіктілер ұрлық жасап, жолға шыққан, сол жерден оларды полиция қызметкерлері тоқтатқаны анықталды. Олар скутерді тастап, жасырынуға тырысқан. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері екі жас жігітті анықтады. Олар өз әрекеттерімен 450 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 

Ұсталған жас жігіттер мойындау көрсетпелерін берді. Көлік құралы заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру