Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада туристік полиция елорда қонақтарына ақпараттық қолдау көрсетті

Астанада туристік полиция елорда қонақтарына ақпараттық қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің туристік полиция инспектор  Замзагүл Сейпилова туристер мен қала қонақтарына тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше тілді еркін меңгерген тәртіп сақшысы қызмет барысында шетелдік және отандық азаматтармен еркін тіл табысып, елордадағы туристік нысандар жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынуда.

Кезекті патрульдеу барысында Оңтүстік Корея Республикасынан демалыс мақсатында келген студенттер Бейбітшілік пен келісім сарайының жұмыс тәртібі, келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері және экскурсиялық бағыттары туралы сауалдар қойды. Туристік полиция қызметкерлері нысанның ішкі инфрақұрылымы, өткізілетін мәдени іс-шаралар, қауіпсіздік талаптары мен келушілерге арналған мүмкіндіктер туралы толыққанды ақпарат берді.

Сонымен қатар қала қонақтарына Астананың негізгі көрікті орындары, туристік бағыттары, қоғамдық көлік қозғалысы, сондай-ақ қала аумағында сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Бағыт-бағдар беру және жедел көмек алу жолдарына да ерекше назар аударылды.

Туристік полиция қызметінің басты мақсаты – туристер үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру, оларға сапалы ақпараттық қолдау көрсету және Астананың қонақжай әрі қауіпсіз қала ретіндегі оң имиджін нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру