Астанада туысынан 1,5 млн теңгеден астам ақшаны қолды қылған әйел адам ұсталды
Астанада туысынан 1,5 миллион теңгеден аса ақшаны қолды қылған әйел адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қ. ПД Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша, кінәлі тұлғаны ұстап, ұрлықты ашты.
71 жастағы зейнеткердің үйіне қонаққа келген әйел адам үстел басында сөзге келіп қалады. Ұрыстың соңы ұрлықпен аяқталады. Сыртқы киімдері мен заттарын жинау үшін әйел адам үстел басынан тұрып, басқа бөлмеге кетеді. Шкаф сөресінің ашық тұрғанына көзі түсіп, бөлмеде өзінен басқа ешкім жоқ екенін пайдаланып, сөредегі ақшаны көреді. Еш ойланбастан қаражатты сөмкесіне салып, кетіп қалады. Ақшасының жоқ екенін зейнеткер бірнеше күннен кейін біліп, Байқоңыр ауданы ПБ келіп арызданады.
Полиция қызметкерлері істің мән-жайын біліп, қомақты соманы өз иесіне қайтарды. Тәртіп сақшыларының бұл қызметі үшін ақсақал алғыс айтып, ақ батасын берді.