Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасының барысы талқыланды

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың төрағалығымен учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамы арасында жедел кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында ішкі істер министрлігінің “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу және “Заң мен тәртіп” қағидатын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалары жеткізілді.

Ерекше назар учаскелік полиция инспекторларының тұрғындар арасында танымалдылығын арттыруға, халықпен сенімді диалог орнатуға және әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге аударылды.

— Әрбір учаскелік полиция инспекторының басты міндеті – азаматтардың сенім деңгейін жоғары ұстап, қызметтік міндеттерін барынша жауапкершілікпен атқару. Әр қызметкердің кәсібилігі мен белсенділігіне халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі тікелей байланысты, — деп атап өтті елордалық полиция басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру