Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада үй қызметкері жұмыс берушінің құны 9 млн теңге тұратын брендтік сағатын ұрлап кеткен

Астанада үй қызметкері жұмыс берушінің құны 9 млн теңге тұратын брендтік сағатын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны полицияға пәтерінен құны 9 миллион теңге тұратын Hublot сағатының ұрланғаны туралы арызданған. Арызданушының айтуынша, ол үй қызметкерінің ұрлық жасауы мүмкін деген күдікті де жеткізген. Айтуынша, ол жарнама сайтының бірінен 40 жастағы әйелді тауып алып, оның қызметін пайдалануға шешім қабылдаған. Үй иесі жоғалған аксессуарын бірден байқамаған. Затының қолды болғанын кейін білген ол, дереу полицияға хабарласқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұрынғы қызметкерді Алматы аудандық ПБ қызметкерлері тапты. Анықталғандай, әйел небәрі екі күн жұмыс істеп жүріп, шкафтан зергерлік қорап тауып алған. Қораптағы сағатты алып, ізін суытқаны белгілі болған. Әйел жарнама сайты арқылы қымбат сағатты 1 миллион теңгеге сатқанын мойындады. Қазіргі уақытта полицейлер ұрланған сағатты сатып алушының қайда екенін анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел ұрлық жасағанын мойындады, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру