Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ұйықтап жатқан такси жүргізушісінің телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада ұйықтап жатқан такси жүргізушісінің телефонын ұрлаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері мен Жедел басқару орталығының мамандары бірлесіп жедел алдын алу іс-шарасы барысында ұрлық жасаған 42 жастағы азаматты ұстады.

Оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. такси жүргізушісі жұмысын аяқтап, көлігін тоқтатып, терезесін ашық қалдырып, салонында ұйықтап қалған. Сол сәтте күдікті оның ұйықтап жатқанын байқаған күдікті қолын сұғып, ІPhone 12 телефонын жасырын түрде ұрлап, өзінің автокөлігімен оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел әрекет нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол кінәсін мойындап, ұрланған телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру