Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ұрланған телефонды сатып жіберген азамат анықталды

Нұра ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы астаналық азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында ер адамның сағат 14.30 шамасында Мұхамедханов көшесіндегі азық-түлік дүкеніне келгені белгілі болды. Клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, дүкен қызметшісінің сөреде тұрған IPhone XS телефонын байқаған. Қылмыстық оймен қаскүнем сатушының жоқтығын пайдаланып, құны шамамен 150 мың теңге тұратын гаджетті жасырын алып кеткен. Ұрланған телефонды кездейсоқ адамға сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қала тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру