Астанада ұрлық жасаған күдікті анықталды
Астанада ұрлық жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне қала орталығының тұрғыны арызданған. Арызда ол қонаққа келген жігіттің сөмкесінен 20 мың теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Полицейлердің жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол полиция басқармасына жеткізіліп, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.