Астанада ұрлықтың екі дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Астанада ұрлықтың екі дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлықтың екі фактісі бойынша күдікті 21 жастағы жігітті ұстады.
Мәселен, ер адам сағат 04.00 мен 04.30 аралығында Тілендиев даңғылындағы дүкенге заңсыз кірген. Ашық қалған терезені байқаған ұры сол арқылы сауда залына кірген. Жігіт кассаны бұзып ашып, 410 мың теңге сомасында ақшаны жасырын ұрлап әкеткен. Күдіктінің әрекеті бейнекамера объективіне түсіп қалған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктінің сыра барында жасалған ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Аталған мекемеге клиент кейпінде келген жігіт Huawei қызметтік телефонды ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер бейнебақылау камералары арқылы жүру жолдарын бақылап, ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.