Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеу қағидаты пәрменді іске асуда

Астанада құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеу қағидаты пәрменді іске асуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында “нөлдік төзімділік” қағидатын табанды түрде жүзеге асырып келеді. Бұл қағидат ұсақ құқық бұзушылықтарға да мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастырып, әрбір заң бұзушылыққа дер кезінде әрі қатаң шара қолдануды көздейді.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 800 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Атап айтқанда 1300-ден астам ұсақ бұзақылық, 8 мыңнан аса қоғамдық орында ішімдік ішу мен мас күйінде жүру, 3700-ден астам темекі шегуге тыйым салу ережесін бұзу, 8 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау және 100-ге тарта бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактісі тіркелген.

Жуырда Әл-Фараби даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінің баспалдағында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, дәрет сындырған азамат дереу ұсталды. Оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша сараланып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және құқық бұзушылықтарға немқұрайлы қарамауға шақырады. Құқық бұзушылық фактілеріне куә болған жағдайда, 102 нөміріне немесе полиция департаментінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру