Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада велосипед ұрлығы бейнебақылау камералары арқылы анықталды

Астанада велосипед ұрлығы бейнебақылау камералары арқылы анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 25 жастағы жергілікті тұрғын подъезде қалдырылған велосипедті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 200 мың теңгеден асады. Бейнебақылау камераларының жазбаларының арқасында күдіктінің жеке басы жедел анықталып, ол тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды.

Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің ұрланған велосипедті ломбардқа өткізіп жібергені анықталды. Қазіргі уақытта велосипед тәркіленіп, тергеу жалғасуда.

Полиция велосипедтерді қараусыз қалдырмауға кеңес береді, тіпті қысқа уақытқа болса да. Міндетті түрде құлып қолданып, көлігіңізді жарық жерге, мүмкіндігінше камера орнатылған аймаққа қалдырыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру