Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада кальян шегуге рұқсат берген дәмхана иесі жауапқа тартылды

Астанада «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындары мен компьютерлік клубтарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр және Алматы аудандарында учаскелік инспекторлар 50-ден астам жерде рұқсат етілмеген орындарда кальян шегу фактілерін анықтады.

Кальян қоспасын арнайы белгіленбеген жерлерде шеккені үшін құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылып, оларға он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мысалы Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері тексеріс кезінде бір келушінің жалпы залда кальян шегіп отырғанын анықтады. Осы заң бұзушылыққа жол бергені үшін дәмхана әкімшісі жауапкершілікке тартылды.

16 қыркүйектен бастап елордада «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғалы бері 11 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың арасында 243 ұсақ бұзақылық фактісі, 1 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау жағдайлары анықталды. Сондай-ақ 1200-ден астам азамат алкогольдік ішімдікті қоғамдық орындарда ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру