Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада заңсыз саудамен айналысқан азамат ұсталды

Астанада заңсыз саудамен айналысқан азамат жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада өтіп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарайшық аудандық полиция қызметкерлері заңсыз сауда фактісін анықтады.

Тексеру барысында 37 жастағы қала тұрғыны дүкендердің бірінде шегілмейтін темекі өнімін заңсыз сатып жатқан жерінен ұсталды. Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Соттың шешімімен оған айыппұл салынды. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға және заңсыз кәсіпкерлікпен айналыспауға шақырады.

Заңсыз сауда – азаматтардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де кері әсерін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру