Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жүргізуші ұсталды

Астанада жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күні Сығанақ көшесі аумағында жол қозғалысын бақылау барысында 36 жастағы азамат жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған көлік құралын басқару кезінде анықталды.

Тексеру барысында көлік құралында мемлекеттік тіркеу нөмірі белгіленбегені және оның жалған нөмірлік белгілермен жабдықталғаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша азаматқа ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігіне (Көлік құралын жалған немесе басқа біреуге тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқару) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар құқық бұзушының көлік құралын басқару құқығы (жүргізуші куәлігі) болмағаны анықталып, бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 612-бабының 2-бөлігіне сәйкес қосымша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Айта кетейік, ол енді бір жыл бойы жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыра алмайды.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша барлық материалдар тиісті әкімшілік сотқа жолданды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 1 тәулікке қамауға алынды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру